Заңды және жеке тұлғалардың БСН/ЖСН-не көшуі туралы
Құрметті респонденттер!
«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №223-III Заңына сәйкес бұрын қолданылған КҰЖЖ, СТН және ӘЖК-ны ауыстыратын бірыңғай ұлттық сәйкестендiру нөмiрлерi ЖСН/БСН қолданысқа енгізіледі.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Сізге 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген орныңыз бойынша ЖСН/БСН алу қажет екендігін назарыңызға жеткізеді.
Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кезінде респонденттер статистикалық нысандарда ЖСН/БСН сәйкестендіру нөмірлерін көрсетулері қажет.











