Алматы қаласының Статистика департаменті 2011 жылғы 4 наурызда өтетін оқытушы семинар өткізеді
Құрметті кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары!
Алматы қаласының Статистика департаменті Сіздерді 2011 жылғы 4 наурызда өтетін төменде аталған нысандар бойынша оқытушы семнарға қатысуға шақырады:
· 2-ШК (тоқсандық, жылдық) "Шағын кәсіпорынның қызметі туралы";
· 1-ІС (тоқсандық, жылдық) "Ішкі сауда және қызмет көрсететін кәсіпорындардың қызметі туралы";
· 1-СЭБ (жылдық) «Шетел капиталының қатысуы бар кәсіпорындарды зерттеу»;
· 1-ОЭБ (жылдық) «Отын-энергетикалық баланс»;
· «Еңбек туралы есеп» 1-Е (айлық) есебінің № 1 қосымшасы.
Семинар 2011 жылғы 4 наурызда сағат 15-00-де Алматы қаласының Статистика департаментінің 203-ші кабинетінде өтеді, мекен-жайы – Абай даңғылы, 125, Жароков көшесінің қиылысы, 2-ші қабат.
КІРУ ТЕГІН











