Ашық есіктер күні
Алматы
қаласының
Статистика департаменті 2011 жылғы 10 қарашада сағат 10.00 мен 13.00
аралығында
Ашық есіктер күнін өткізді.Алматы қаласының
Статистика департаменті 2011 жылғы 10 қарашада сағат 10.00 мен 13.00 аралығында
Ашық есіктер күнін өткізді. Ашық есіктер күнін өткізу туралы хабарлама «Алматы
ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінде және департамент сайтында жарияланған.
Сондай-ақ телефонограммалар және тұрақты пайдаланушылар мен бұкаралық ақпарат
құралдарының электронды мекен-жайлары бойынша хабарламалар жіберілген.
Ашық есіктер күні департаментке әртүрлі пайдаланушылар топтарының өкілдері (жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары мен студенттері, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, бұкаралық ақпарат құралдары және бизнес өкілдері) келді.
Аталған шара барысында департамент, оның сайты мен статистикалық жарияланымдар туралы ақпарат бар слайд көрсетілді. Статистикалық ақпарат пайдаланушыларының назарына Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және департаменттің статистикалық материалдары, атап айтқанда, «Әлеуметтік-экономикалық даму» баяндамасы, барлық статистика салалары туралы буклеттер, жинақтар, бюллетендер және анықтама кітаптар ұсынылды.
Басқармалар мамандары
әртүрлі статистика мәселелері жайында консультацияларды өткізді.











