logotip
/ /


Сұрақ - жауап
Сіздің тілектеріңізге
кітап
rss RSS-


Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеу (МИКЗ)



Статистика агенттігі 2002 жылғы мамырдағы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ-ы) Бас Ассамблеясының балаларға арналған Арнайы сессиясында қол қойылған «Балалар өмірі үшін жарамды дүние» атты кең ауқымды мағлұмдамасының және Іс-әрекет жоспарының Қазақстандағы мониторингін жүзеге асыруда.
ЮНИСЕФ (БҰҰ-ың Халықаралық Балалар қоры) 2010-2015 жылдарға арналған елдер бойынша бағдарламасында негізгі бастама ретінде Мульти-индикаторлық кластерлік зерттеудің (МИКЗ-ің) 4-ші кезеңін өткізуді белгілеп, ЮНФПА (БҰҰ-ың Халық саны қоры) МИКЗ-ді өткізуде қолдау көрсетуге ықыласын білдірді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарабынан осы зерттеуді атқарушысы ретінде Статистика агенттігі тағайындалды.
4-МИКЗ-ің мақсаты алдағы 3-МИКЗ-ің (2006) өткізілген кезден бастап кейінгі жылдар ішіндегі әйелдер мен балалардың жағдайын анықтау, 2015 жылға қарай Қазақстанның Мыңжылдық Даму Мақсаттары аясында нақтылы көрсеткіштерге жету жолында шешімдерді әзірлеу және қабылдау үшін зерттеу нәтижелерін пайдалану болып табылады.
Елімізде 2010 жылғы қазан айының аяғында басталған және 2011 жылғы қаңтардың аяғына дейін созылатын 4-МИКЗ-ің барысында жалпы алғанда республика бойынша 16 мыңнан астам үй шаруашылығында сауалдама жүргізіледі. Зерттеу кезінде жетілдірілген ішерлік су көздерін пайдалану және оны тазарту, нәрестелер шетінеуі мен балалар өлімі-жітімі, тамақтандыру және т.т. туралы деректер жиналып талданады.
Алматы қаласы бойынша зерттеуді Алматы қаласы Статистика департаментінің қызметкерлері өткізеді, олар іріктемеге кірген үй шаруашылықтарына келіп, мүшелерімен сұхбаттасады, тұздың құрамында йодтың бар болуын анықтау үшін тестілер өткізеді, сондай-ақ, үй шаруашылығында 5 жасқа дейін балалар болса, арнайы жабдықтарды қолдана отырып, осы балалардың салмағы мен бойын өлшейді.


 



ҚР мемлекеттік рәміздері
ҚР ұлттық ауыл шаруашылығы халық санағының бірінші қорытындылары
Валюта курсы:
USD:  //-//
EUR:  //-//
RUB:  //-//
Пайдалы
ақпарат
© Алматы қаласының Статистика департаменті,
барлық құқықтары қорғалған, 2007-2008
050008 Алматы қ., Абай данғылы, 125,
тел.: +7 (727) 242-26-22, 242-07-57, факс: +7 (727) 242-34-39
e-mail: almastat@statbase.kz
Neolabs Web Solution
студиясымен әзірленген